"ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР" ТЕГІН ЖОБАСЫ

Германияға тағылымдама өтуге тегін бару мүмкіндігі бар тегін бизнес-тренингке қатысуға өтінім беріңіз
ЖОБА ТУРАЛЫ

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Іскерлік байланыстар» жобасы барлық кәсіпкерлерге ТЕГІН біліктілігін арттыруға, әлемдік жетекші мамандардан тәжірибе мен білім алуға, сондай-ақ халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
ЖОБА КЕЗЕҢДЕРІ
Қазақстан аумағында оқыту
Тренинг үш аптадан тұрады және келесідей жүргізіледі:

- 2 апта (10 күнтізбелік күн үздіксіз - толық күндік) теориялық және практикалық сабақтар екі негізгі бөлімде өткізіледі: сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы басқару құзыреті мен басқару құзыреттілігі;

- 1 апта (5 күнтізбелік күн - сырттай) - онлайн-семинарлар мен консультациялар өткізіледі.

Тренинг Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ еліміздің 14 өңірінде өткізіледі.

Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін жобаға қатысушылар бизнес-жоспарларды дербес әзірлейді және курстарды табысты аяқтау туралы сертификат алады, кейіннен Жобаның екінші кезеңіне, конкурстық іріктеуге қатыса алады.

Қаржыландыру - тренингтерге қатысушылар тек тұратын жеріне, жолына және тамактануына төлейді.
Германиядағы бизнес тағылымдама
Екінші кезеңде Жобаға қатысушыларға Германиядағы тақырыптық бизнес тағылымдамаға жіберіледі. Төрт апталық тағылымдама барысында қатысушылар ұқсас профильдегі неміс кәсіпорындарына баруға, нақты басқару сұрақтарын зерттеуге, жеке іскерлік байланыстарды келесі сұрақтар бойынша орнатуға мүмкіндіктері бар:

  • технологиялар трансферті және жабдықты сатып алу;
  • тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өзара жеткізу;
  • франшизалар мен лицензиялар сатып алу;
  • халықаралық және шетелдік ұйымдардан грант алу;
  • бірлескен кәсіпорындар құру.

Қатысушылар арасында қазақстандық-германиялық бірлескен комиссиясының қатысуымен тағылымдамаға өту үшін іріктеу жүргізіледі. Іріктеуде үміткерлермен олардың тағылымдамаға қатысу мақсаттары туралы сұхбат, жобалық тапсырманың бағалау және конкурстық құжаттаманы анализдік талдау кіреді.

Іріктеу критерийлері

Тағылымдамаға үміткерлер міндетті:
  • тағылымдамаға қатысудың нақты мақсаты болуы;
  • әлеуетті серіктестер мен жеткізушілер туралы ақпараты (Германия) білуі;
  • келіссөздер жүргізу және келісімшарттарға қол қою құқығына ие болуы;
  • "Іскерлік байланыстар" Құралының 1 кезеңін немесе «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» құрамбөлігін аяқтауы туралы куәлігі болуы.
Қаржыландыру: Қазақстаннан тағылымдамадан өтуге және кері қайтуға арналған шығындарды, сондай-ақ Германияда тұру құны, қатысушы төлемейді (Қазақстаннан жол жүретін жерге дейін, қатысушы өз қаражатына жете алады).


ЖОБА АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
Бліктілікті арттыру
Нақты басқарушылық сұрақтарды қазақстандық және шетелдік бизнес-тренерлермен зерттеу
Шетелдік серіктестермен кәсіпкерлік байланыс орнату
Шетелдік кәсіпорындарға тегін барып қайту
ҚАРЖЫЛЫҚ ШЫҒЫНДАР
Оқыту мен тағылымдаманың бағасы
ТЕГІН

ӨТІНІМ БЕРУ
1 КЕЗЕҢ. Қазақстан аумағында оқыту
Оқыту Республикалық бюджеттен төленеді. Қатысушылар тек тұратын жеріне, жолына және тамақтануына төлейді.
2 КЕЗЕҢ. Германиядағы бизнес тағылымдама
Қазақстан тарапынан авиабилет құны төленеді.
Германия тарапынан тұратын жері, тамақтануы, Германия ішіндегі көлік шығыны төленеді.
«ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР» сандарда
133
Кәсіпкерлер біліктілігін арттырды
20
Келісімшартқа қол қойылды
207
Жұмыс орындар ашылды
36
Компаниялар жылдық айналымды арттырды
ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?
1 КЕЗЕҢ. Қазақстан аумағында оқыту
1. Өтінім беру
Үміткерлерге өтінім беріп , қажетті құжаттарды қосып толық сауалнаманы толтыру керек.
2. Сауалнаманы қарастыру
Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін, сіздің деректеріңізді жобаның талаптарына сәйкестігіне тексереміз және сізбен байланысамыз.

3. ҚР аумағында бизнес-тренингтерді өту
Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін, қатысушылар бизнес-жоспарларды өздері әзірлеп, курстарды сәтті аяқтау туралы сертификат алады, және кейіннен Жобаның екінші кезеңіне іріктеу байқауына қатыса алады.
2 КЕЗЕҢ. Германиядағы бизнес тағылымнама
1. Конкурстық іріктеуге өтінім беру
1 КЕЗЕҢНЕН өткеннен кейін: Қазақстанда оқыту, қатысушыларға қажетті құжаттарды қоса отырып, толық сауалнаманы толтыру қажет.
2. Іріктеу (сұхбат)
Қатысушылар қазақстандық-германиялық бірлескен комиссиясының қатысуымен тағылымдамадан өту үшін іріктеу жүргізіледі. Іріктеуге үміткерлермен олардың тағылымдамаға қатысу мақсаттары туралы сұхбат, жобалық тапсырманың бағалау және конкурстық құжаттаманы анализдік талдау кіреді.
3. Тағылымдамадан өту
Іріктеуден сәтті өткен жағдайда, қатысушылар Германиядағы бизнес-тағылымдамаға жіберіледі.
МАҢЫЗДЫ: Германиядағы тегін бизнес-тағылымдамаға қатысу (2-кезең) Қазақстандағы оқуды АЯҚТАҒАННАН КЕЙІН ҒАНА мүмкін болады (1-кезең)
1 КЕЗЕҢ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Модуль 1. Басқарудың құзыретті және т.б. (1-апта)
  1. Басқарудың негізгі құзыреттері
  2. Маркетинг. Тұтынушыға бағдарланғандық
  3. Адам ресурстарын басқару
  4. Бизнес презентацияларды дайындау және өткізу технологиясы
  5. Бизнес-жобаларды қаржылық қолдау
  6. Бизнестегі кросс-мәдениеттік менеджмент
  7. Стратегиялық менеджмент
  8. Техникалық-экономикалық негіздеме. Қаржылық-экономикалық негіздеме
  9. Операциялық менеджмент
  10. Тайм менеджмент. Бизнесмен күнін жоспарлау және оның құрылымы
  11. Бизнес-жоспарлау. Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштері
  12. Іскерлік байланыстар. Келіссөз процесінің жоспарлау және психологиясы. Келіссөздер технологиясы
  13. Жобаларды басқару. Цифрландыруға кірісп
Модуль 2. Сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы құзыреттер және т.б. (2-апта)
  1. Әлемдік экономиканың негіздері
  2. Халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері
  3. Шетелдік компанияға тапсырыс және келісімшарт жобасын дайындау
  4. Шетелдік серіктестерді іздеу
  5. Сыртқы экономикалық қызметтегі тәуекелдерді басқару
  6. Экспорттық-импорттық операциялар
Модуль 3. Online-семинарлар (3-апта)
  1. Шешім қабылдау модельдері
  2. Сапаны бақылау
  3. Бизнестегі құқықтық мәселелер
  4. Инновациялармен және өзгерістерді басқару
  5. Сауда-саттық жүйесі
  6. Логистик
Модуль 4. Бизнесті дамыту сұрақтары бойынша қосымша консалтинг (3-апта)
1 КЕЗЕҢ ОҚЫТУ ГРАФИГІ 2019 ЖЫЛ
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1
Қатысушыда Қазақстан аумағында ресми тіркелген бизнесі болу керек.
Кәсіпорын белсенді шағын немесе орта бизнес субъектісінің мәртебесіне ие болуы керек.
2
Қатысуға қызмет саласы экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес келетін кәсіпорындарға рұқсат етіледі.
3
Қатысушының позициясы бастықтың орынбасары немесе орта деңгейдегі менеджерден төмен болмауы керек.
«Іскерлік байланыстар» келесі салаларға қатысады:
  1. Агроөнеркәсіп кешені
  2. Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру
  3. Балық шаруашылығы және аквакультура
  4. Химиялық өнімдер өндірісі
  5. Тамақ өнімдері
  6. Жиһаз өндірісі
  7. Минералды суларды және басқа да алкогольсіз сусындар өндіру
  8. Құрылыс материалдарын және басқа да металл емес минералды өнімдерді өндіру
  9. Тау-кен өнеркәсібі
  10. Металлургия, металл өңдеу, машина жасау
  11. Жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз өндірісі
  12. Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату
  13. Тоқыма өндірісі
  14. Көлік және қоймалау
  15. Киім өндірісі
  16. Туризм
  17. Компьютерлік бағдарламалау, консалтинг және басқа да байланысты қызметтер
  18. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет
  19. Ветеринарлық қызмет
  20. Білім беру
  21. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер
  22. Өнер, ойын-сауық және демалыс

Экономиканың басым секторлары туралы қосымша ақпаратты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының веб-сайтынан таба аласыз.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы іскерлік мүдделерін білдіретін коммерциялық емес ұйым және ішкі және сыртқы сауданы қоса алғанда, бизнестің барлық салаларын қамтиды. Палата қызметі бизнес, инвестициялық климат, тұрақтылықты жақсарту, ұлттық және шетелдік компаниялар үшін елдегі бизнес-шарттарды дамытуға бағытталған.
Қазақстан-Британ техникалық университеті
Университет соңғы жылдары Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің рейтингі бойынша Республиканың үздік техникалық университеті болып табылады. Университет «Іскерлік қатынастар» бағдарламасының бірінші кезеңін ұйымдастырушы болып табылады.
БІЗДІНҢ ТҮЛЕКТЕРІМІЗДІҢ ОҚИҒАЛАРЫ
«Аршын» ЖШС (бетон бұйымдарын өндіру)
- Неміс компаниясынан кеспе тастар төсеуге арналған заманауи жабдықтар сатып алу
- Кеспе тастар төсеу бойынша өндірістік қуатты тәулігіне 100 ш/м ден 500 ш/м ге дейін арттыру
«Sayazhai» ЖШС (фитнес-клуб және EMC студиялар желісі)
- «Спорт консул» деп аталатын жаңа кәсіпорынның ашылуы
- EMC технологиялары бойынша неміс өндірушісінен жабдықтар сатып алу
- Астана қаласында екі жерде филиалдар (Спорт Консул және Тезфит) және үш облыста: Қостанай, Қарағанды және Көкшетау қалаларында франчайзингін тарату
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
1."Іскерлік байланыстар" жобасына қатысу қанша тұрады?
Жобаға қатысу ТЕГІН.

1 КЕЗЕҢ: Қазақстан аумағында оқыту Республикалық бюджеттен төленеді. Қатысушыларға тек тұруына, жолына және тамақтануына төлеу қажет.

2 КЕЗЕҢ. Германиядағы тағылымдама толығымен төленеді. Қазақстан тарапынан авиабилет құны төленеді.
Германия тарапынан тұратын жері, тамақтануы, Германия ішіндегі көлік шығыны төленеді.
2. "Іскерлік байланыстар" жобасына қатысу үшін қандай құжаттар қажет ?
Бағдарламаға қатысу үшін Сізге:
1. Жобаға қатысуға осы бетте өтінімді қалдырыңыз;
2. Осы сілтеме бойынша сауалнама толтырыңыз;
Форманы толтыру бетінде жеке куәлік, жұмыс орныңыздан анықтама, компанияның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі қажет.
3. Тренингсіз бизнес тағылымдамаға баруға бола ма?
Жоқ, Германиядағы тағылымдамаға тек (жобаның 1 кезеңі) Қазақстан аумағында оқыған жоба қатысушылары ғана жіберіледі.
4. Менің компаниямның қызметі экономиканың басым секторларының тізіміне СӘЙКЕС КЕЛМЕЙДІ. Бағдарламаға қатыса аламын ба?
Жобаға экономиканың басым секторларының тізбесіне сай келетін кәсіпорындар ғана қатыса алады.
5. Менде бірнеше компаниялар бар. Қайсысынан өтінім беру керек?
Жобаның барлық талаптарына сәйкес келетін компаниядан өтінімді ұсынуға кеңес береміз. Сіз қай компанияны таңдайтыныңыз туралы шешімді өзіңіз қабылдайсыз, себебі олардың қайсысының қатысуын қажет ететінін және Германияда тәжірибе алу қажет екенін түсінуіңіз керек.
6. Бір компаниядан бірнеше қатысушы өтініш бере алады ма?
Жобаға компанияның басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымға ие болған қызметкерлердің біреуі ғана қатыса алады.
7. Сізбен қалай байланысуға болады? Менде жауап берілмеген басқа да сұрақтар бар.
Егер сізде сұрақтар туындаса, бізбен +7 (700) 291-44-39 телефоны арқылы хабарласыңыз немесе WhatsApp-қа жазыңыз.
8. Жобаны аяқтау туралы сертификат аламын ба?
Елдегі бизнес-тренингті сәтті аяқтаған қатысушыларға сертификат беріледі.
Германияда бизнес тағылымдаманы сәтті аяқтаған қатысушыларға неміс тарапынан сертификат беріледі.
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСҚА ҚОЛДАУ ТҮРЛЕРІ
Толығырақ Atameken Sevices сайтында
БІЗБЕН БАЙЛАНЫС
Email: [email protected]
Тел/WhatsApp: +7 (700) 291-44-39
www.atameken.kz
Кунаева к-сі 8, "Б" блогы, "Изумрудный квартал" БО
Нұр-Султан қ.